Ауа райы • 09 Маусым, 2022

Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін еліміздің бірқатар қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК мәліметіне сілтеме жасап.

Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктердің хабарлауынша, бірқатар өңірде атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады. Тек Алматы және Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық ахуал күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.