Құжат ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелеріндегі автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы» қаулысының күшін жоюды көздейді. Бұл шешім елдегі COVID-19 жағдайына байланысты қабылданды.
Қайта ашылатын өткізу пунктері:
Ресеймен шекара арқылы өткізу пункттері:
Қондыбай және Ақбалшық (Қостанай облысы);
Қызылжар (СҚО);
Найза (Павлодар облысы);
Жезкент, Байтанат, Қоянбай (ШҚО);
Орда, Шаған (БҚО);
Қарашатау (Ақтөбе облысы).
Өзбекстанмен шекара арқылы өткізу пункттері:
Тың, Сырдария (Түркістан облысы).
Қаулы жобасы 22 маусымға дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.