Президент • 09 Маусым, 2022

Мемлекет басшысы Шетел инвесторлары кеңесінің жаңа мүшелерін таныстырды

3912 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеңестің жаңа мүшелерін таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Шетел инвесторлары кеңесінің жаңа мүшелерін таныстырды

«Сіздерді кеңестің жаңа мүшелерімен таныстырғым келеді. Олар Бела Ференци, Гэри Нейгл, Уве Кнотцер, Николя Террас, Кирсти Хелен Уилсон, Вадим Воробьев, Тицуя Шинохара», деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Шетел инвесторлары кеңесінің байқаушыларын да таныстырып өтті.

«Кеңестің бақылаушылары ретінде Франсуа Жаков, Мишель Симонс және Лоренцо Симонеллиді де атап өткім келеді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-жалпы отырысының тақырыбы экономиканы көміртексіздендіруге және төменкөміртекті технологияларды енгізуге арналған.