Қазақстан • 09 Маусым, 2022

Ғасыр жасаған басылым

455 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордадағы Ұлттық музейде «Жас Алаш» республикалық қоғамдық-саяси газетінің жүз жылдығына орай «100 жасаған «Жас алаш» атты көрме ашылды.

Ғасыр жасаған басылым

Алғашқы саны 1921 жылы 22 наурызда Ташкент қала­сында жарық көрген жастар басы­лымның тұңғыш редакторы Ғани Мұратбаев болса, айту­лы ақын Ілияс Жансүгіров жа­уапты хатшы қызметін ат­қарған. Іргетасын осындай хал­қымыздың ардақтылары қа­лаған газетте Кәкімжан Қа­зыбаев, Шерхан Мұртаза, Сей­дахмет Бердіқұлов, Әбіш Кекілбайұлы, Фариза Оң­ғар­сынова, Оралхан Бөкей және тағы басқа қазақ әдебиеті мен журналистикасының бір-бір көр­некті өкіліне айналған қан­шама қарымды қаламгерлер ең­бек етіп, қолтаңбаларын қалдырды. Сондай-ақ басы­лым әр жылдары «Жас Қайрат», «Өр­тең», «Жас қазақ», «Ленин­шіл жас» атауларымен жарық көріп, еліміз азаттық алған 1991 жылдан «Жас алаш» болып шыға бастады.

Көрменің ашылуында Пар­ламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан, 1986-1994 жылдары «Жас Алаш» газетінде бас редактор болған, белгілі ғалым, қа­ламгер Уәлихан Қа­лижан, ақын, Мемлекеттік сый­лықтың лау­реаты Несіпбек Ай­тұлы және газеттің бас редакторы Қай­рат Мәтіреков сөз алып, ұлт үніне айналған басылымның тарихы мен онда қызмет істеген қаламгерлер туралы тағылымды естеліктерімен бөлісті.

Сонымен қатар Ұлттық музей директорының орынбасары Назгүл Қадірімбетова қазақ жур­налистикасының ұла­ғатты ұста­ханасы болған газеттің оқыр­мандар үшін орны бөлек екенін айта келіп: «Жас Алаштың» жүріп өткен жолы – ұлт руханиятының шежіресі. Басылымның жүзжыл­дық тігіндісін түгендеген әрбір азамат қазақтың мұңымен, қуа­­ны­шымен, сүйінішімен су­сын­дайды» деп жиналған қауымға жылы лебізін жеткізді.

Көрмеге ғасыр жасаған ба­сылымның шығу кезеңінен бастап, бүгінге дейінгі тарихын бейнелеген мазмұнды мә­ліметтер мен құнды дерек­тер, айшықты суреттер және сонда қызмет атқарған қалам­гер­лердің жазбалары мен кітап­тары қойы­лып, оған келуші­лер­дің қызы­ғушылығын туғызды.

а