Бұл жұмыстар өзен түбінің қазіргі жай-күйін тексеру, әртүрлі қоқыстардан тазарту, Есіл өзенінде түбін тазарту және жағалауды нығайту жұмыстарын одан әрі жүргізу үшін су түбінде тұнба шөгінділерінің деңгейін және өзен тереңдігін айқындау үшін жүргізіледі. Сүңгуірлер Кенесары көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде, сондай-ақ Тельман елді мекеніндегі «Жасыл арал» ауданында Есіл өзенінің түбін тексерді.
Есіл өзені акваториясы түбінің 88 900 шаршы метр аумағы тексерілді және түрлі қоқыстан тазартылып, 889 нүктеде су түбі/тұнба шөгінділерінің деңгейі анықталды.
Зерттеу барысында Есіл өзенінің түбінде көлік дөңгелектері, жиһаз бөліктері, ,сол сияқты өзге де ірі көлемді қалдықтар табылды. Осыған байланысты қала тұрғындары қоршаған ортаға асқан жауапкершілікпен қарауы қажет екенін ескертті қала әкімдігі.