Әлем • 10 Маусым, 2022

Моңғолияның тұңғыш Олимпиада чемпионы 16 жылға сотталды

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Моңғолияның тұңғыш Олимпиада чемпионы, дзюдошы Найдангийн Тувшинбаяр досын өлтіргені үшін 16 жылға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Sonin ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Моңғолияның тұңғыш Олимпиада чемпионы 16 жылға сотталды

Оқиға 2021 жылы сәуірде болған. Тувшинбаяр мас күйінде досын оңдырмай сабаған, ер адам алған жарақаттары салдарынан бірнеше айдан кейін көз жұмыпты. 

Сотта Тувшинбаяр кінәсін мойындап, болған жайтқа өкінетінін айтқан. Оның сөзінше, досы Найдангийннің үлкен жетістіктерге жетуіне зор үлес қосқан екен. Спортшы көз жұмған досының отбасына ірі соммада өтемақы да төлепті. 

«Мен кінәлімін, сот маған қатысты шешімін шығарсын. Мен досымның отбасына өмір бойы көмектесемін», деді ол.

Еске салайық, 100 келіде белдескен Тувшинбаяр 2008 жылы Бейжіңде Моңғолия тарихында алғаш рет Олимпиада алтын медалін жеңіп алған еді. Ал 2012 жылы «күміс» жеңіп алып, Олимпиаданың бірнеше жүлдесін иеленген бірінші моңғолиялық болған.