Оқиға • 10 Маусым, 2022

Павлодарда өзенді жүзіп өтпек болған мұғалім суға батып кетті

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда өзенді жүзіп өтпек болған мұғалім суға батып кетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары Олег Трещев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Павлодарда өзенді жүзіп өтпек болған мұғалім суға батып кетті

«Усолка өзенінде Торайғыров университеті жоғары колледжінің ұстазы суға батып кетті. Ол колледж оқушыларын өзенге апарған. Өзінің суда жақсы жүзетінін көрсетпек болған. Өзенді жүзіп өтем деп күші жетпей қалған», деді Олег Трещев.

Спикердің айтуынша, марқұм ұстаз колледждің 1-2 курс студенттеріне далалық-әскери жиын өткізіп жүрген.

«Ол жиын тек колледждің аумағында өту керек болған. Алайда ұстаз өзі бастама тастап, өзенге барған. Марқұм 23-24 жастағы жас ұстаз еді», деді Олег Трещев.

Қазір аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.