Оқиға • 10 Маусым, 2022

Боранбаев пен Сатыбалдыұлының қамау мерзімі ұзарды

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қамауға алу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Боранбаев пен Сатыбалдыұлының қамау мерзімі ұзарды

«2022 жылғы 8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Боранбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», деді елордалық соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Осы күні мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Қайрат Сатыбалдыұлын қамауға алу мерзімін бір айға ұзартты, ал одан бір күн бұрын, 2022 жылдың 7 маусымында күдікті Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қамауға алу мерзімі ұзарған.

Еске салайық, 13 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ-тың лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған болатын. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.