Аймақтар • 10 Маусым, 2022

«АрселорМиттал Теміртау» цехында опырылып құлаған шатыр 5 жұмысшыны басып қалды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «АрселорМиттал Теміртау» цехтарының бірінде металлургиялық пешті жөндеу кезінде 5 жұмысшыны топырақ басып қалды деп хабарлайды Egemen.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«АрселорМиттал Теміртау» цехында опырылып құлаған шатыр 5 жұмысшыны басып қалды

2022 жылғы 10 маусымда «Құрылысмет» ЖШС («АМТ» АҚ еншілес кәсіпорны) мастер-пресс цехының жұмыс істемейтін №9 термиялық пешінде отқа төзімді құрылысты бөлшектеу кезінде шатыр опырылып құлаған. 

«Пеш күмбезінің құлауы салдарынан (көлемі - 5х5х10м) «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық пештерді жөндеу цехының 5 маманы үйінді астында қалды. Оларды шығару жұмысы жалғасып жатыр», деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.