«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының цехында болған апат салдарынан қазаға ұшыраған жұмысшылардың отбасылары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетуді тапсырдым» деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.
Еске сала кетейік, Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» цехында металлургиялық пештерді жөндеу кезінде пеш күмбезі құлап, салдарынан 5 адам топырақ астында қалғанын жазған едік.