Ауа райы • 12 Маусым, 2022

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

474 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК-сы маусымның 12-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 12 маусымда циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен ҚР территориясында найзағай ойнап, елдің оңтүстік-шығысында нөсер жауын жауады. Республика бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз оңтүстікте, шығыста желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз солтүстікте, Атырау облысының шығысында – найзағай ойнайды.

Таңертең және күндіз Алматы облысының шығысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, солтүстікте, Ақмола облысының орталығында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қостанай облысында түнде солтүстікте, күндіз солтүстікте, батыста, шығыста найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, түнде солтүстікте, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз солтүстікте, Батыс Қазақстан облысының орталық бөлігінде найзағай ойнайды.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Қызылорда облысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қызылорда ​​облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.