Спорт • 12 Маусым, 2022

Анна Данилина Франциядағы турнирдің чемпионы атанды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Анна Данилина ITF Women халықаралық жарыстарындаңы өз мансабында 25-ші атағын олжалады. Ол жұптық сында Биаррице (Франция) W60 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анна Данилина Франциядағы турнирдің чемпионы атанды

Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Анна Данилина мен украиналық Валерия Страхова финалда аргентиналық Мария Лурдес Карле - ресейлік Мария Тимофеевамен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда аргентиналық-ресейлік жұп басымдылық көрсетті. Есеп - 6:2.

Екіншісінде Данилина мен Страхова есе қайырды. Есеп - 6:3.

Одан кейін супер тай-брейкте Данилинаның жұбы жеңісті жұлып алды. Есеп - 14:12.

Жүлде қоры 60 мың доллар болатын бұл тартысты турнир 1,5 жарым сағатқа созылды.