Қазақстан • 12 Маусым, 2022

ҚазМұнайГаз-дың жаңа инвестициялық қоры туралы жалған ақпарат тарады

874 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазМұнайГаз» компаниясы жанынан құрылған жаңа инвестициялық қорға ақша салғандар айына 3 000 долларға дейін пассивті пайда табады. Бұл – жалған жарнама, деп хабарлайды Egemen.kz stopfake.kz телеграм каналына сілтем жасап.

ҚазМұнайГаз-дың жаңа инвестициялық қоры туралы жалған ақпарат тарады

«Қазнетте Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «ҚазМұнайГаз» компаниясы жанынан құрылған жаңа инвестициялық қордың жарнамасы белсенді түрде тарап жатыр. Шын мәнінде, «ҚазМұнайГаз» компаниясының да, ҚР Президентінің де бұл «қорға» ешқандай қатысы жоқ. Бұған компанияның ресми сайтына кіріп, көз жеткізуге болады. Қазақстандықтарға іс жүзінде жоқ қорларға «инвестиция салу» бұған дейін де бірнеше рет ұсынылған. Желіде осыған ұқсас жарнама HalykBank атынан таратылған болатын»,  дейді ақпаратты тексерушілер.