Қоғам • 13 Маусым, 2022

Зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 2 млн 246 мың зейнеткер тұрады. Маусым айында зейнетақының орташа мөлшері 105 189 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды

2022 жылдың мамыр айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 235,4 млрд теңге бағытталды, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,3 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,2 млрд теңге бөлінді.

Қазақстан республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 189 теңгені құрады.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып, жеке тағайындалады.