Аймақтар • 13 Маусым, 2022

Қонаев қаласындағы казиноны жабу мәселесі талқыланады - министр

947 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ведомство Қонаев қаласындағы казиноның жұмысы туралы мәселені қарастыратынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қонаев қаласындағы казиноны жабу мәселесі талқыланады - министр

«Бұл мәселе Ұлттық экономика министрлігі деңгейінде талқыланбаған. Бірақ, менің ойымша, ол Қонаев қаласының қазіргі ерекше мәртебесін ескере отырып талқыланады. Ол облыс орталығына айналды. Сондықтан мәселе әлі де талқыланады деп ойлаймын», деді министр.