Қазақстан • 13 Маусым, 2022

Әлібек Қуантыров БҒМ бюджетін бөлуге қатысты пікір білдірді

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Әлібек Қуантыров Білім және ғылым министрлігінің бөлінуіне қатысты функционалдық талдау жүргізу және қайта ұйымдастыру жұмыстарына қанша қаражат жұмсалатынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлібек Қуантыров БҒМ бюджетін бөлуге қатысты пікір білдірді

«Бұл ретте Білім және ғылым министрлігінің қолда бар бюджеті бөлінеді. Жалпы біз шығындардың айтарлықтай өсуін күтпейміз. Менің ойымша, олар аз болады, мүмкін бұрынғы БҒМ бюджетінің аясында да болуы мүмкін. Қосымша штат саны бөлінеді деп те ойламаймын. Егер ондай жағдай болса, онда басшылықтың шешімі бойынша қосымша қаражат бөлінеді», деді Әлібек Қуантыров.

Оның айтуынша, жоғары білім мен ғылымға жататын департаменттер мен құрылымдық бөлімшелер жаңа министрлікке көшеді. Мектепке дейінгі және мектептегі білім берумен айналысатын құрылымдық бөлімшелерге қатысты барлық нәрсе білім министрлігінің құрылымында қалады.

«Ғылым және жоғары білім министрлігі Министрліктер үйінде немесе басқа әкімшілік ғимаратта орналасады. Бұл бойынша қосымша сұрақтар болмауы тиіс», деп қосты Ә.Қуантыров.

Еске сала кетсек, 1 маусымда Ұлттық Ғылым академиясының мерейтойлық сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлу туралы ұсыныс жасаған болатын. Оның айтуынша, бұл елдегі ғылыми қызметті үйлестіруді күшейту мақсатында қажет.