Аймақтар • 13 Маусым, 2022

Ертіс өзеніне батып кеткен жасөспірімнің денесі іздестіріліп жатыр

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында шомылу маусымы басталғалы үш адам суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертіс өзеніне батып кеткен жасөспірімнің денесі іздестіріліп жатыр

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір жасөспірімнің денесі әлі күнге дейін іздестіріліп жатыр. Қайғылы оқиға осы жылдың 11 маусымында Семейде болды. Құтқарушыларға Шығыс кенті 2-саяжай аумағында Ертіс өзеніне 15 жастағы жасөспірімнің батып кеткені туралы хабар келіп жетті. Анықталғандай, ол достарымен бірге рұқсат етілмеген су айдынында шомылған. Ол ағысы қатты жерге суға секірген, сол беті шықпаған. Жолдастары көмекке келмек болды, алайда судың қатты ағыны ондай мүмкіндік бермеді.

«Оқиға орнына келген 7-ӨСБ жедел құтқару жасағының сүңгуірлері келіп жетіп іздеу жұмыстарын жүргізді. Қайықты және сүңгуір жабдықтарын пайдалана отырып жүргізілген бірнеше сағаттық іздестіру жұмыстары еш нәтиже бермеді, іздеу жұмыстары жалғасуда. Су түбінің лайлы болуы, өзен ағысының қатты болуы сүңгуірлердің іздеу жұмыстарын қиындатып жатыр», делінген ведомство хабарламасында.