Экономика • 14 Маусым, 2022

Тұрғын үй нарығындағы баға өсті

1417 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Соңғы бір жылда қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 27,9%, жаңа тұр­ғын үйлерді сату 19,3%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы мамырда 22,8% артты.

Тұрғын үй нарығындағы баға өсті

Ұлттық статистика бюросының Баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақып­бекұлының айтуынша, өңірлік бөліністе жаңа тұрғын үйдің шаршы метрі жылдық мәнде айтарлықтай Нұр-Сұлтан қаласында қымбаттады – 27,2%-ға.

«Тұрғын үйдің қайта сату нарығын­дағы жоғары өсім Талдықорған қаласы (48,6%), тұрғын үйді жалға беру нарығындағы көшті Алматы қаласы бастап тұр (49,9%)», деп атап өтті Қ.Жақыпбекұлы.

Кейінгі бір айдың ішінде (2022 жылғы мамырдан 2022 жылғы сәуірге) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 1,7%, пәтерлерді қайта сату 1% өсті. Абат­тандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыс­тырғанда мамырда 1,3% жоғарылады.

«Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалалары бойынша іріктеп байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпаратты біз сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жинаймыз. Бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескеріле­ді. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады», дейді Ұлттық статистика бюросының баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлы.

 

Тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі
пайызбен, өткен жылға, өсуі

в