«Барыс» пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Валерий Орехов келесі маусымда магнитогорскілік «Металлург» сапында ойнайды, ал Кертис Волк «Автомобилист» сапына қосылды.
«Сарыарқа» шабуылшысы Кирилл Кожевников мәскеулік «Спартактың» намысын қорғаса, Степан Гримзин «Автомобилист» құрамына көшті.
Еске салсақ, 6 маусымда «Барыстан» белгісіз себептермен 13 хоккейші кетіп қалғаны туралы жазған едік.