Қоғам • 14 Маусым, 2022

Қазақ-қырғыз шекарасында бензин тасымалдаушы көліктер көбейген

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ-қырғыз шекарасында бензин тасымалдайтын көлік құралдары саны ұлғайған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақ-қырғыз шекарасында бензин тасымалдаушы көліктер көбейген

«Қазір қазақ-қырғыз шекарасында жанар-жағармай материалдарын (бензин) тасымалдаушы автокөлік құралдарының саны ұлғайғаны байқалуда. Тасымалдау ережелерінің бұзылуы тіркеліп жатыр», делінген ресми хабарламада.

Бұл жағдай шекаралық өткелдерге тікелей жақын жерде автокөлік құралдарының жиналуына алғышарттар тудырып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар