Оқиға • 14 Маусым, 2022

Төртінші қабаттан құлаған 3 жасар бала аман қалды

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада 3 жасар сәби төртінші қабаттан құлап, аман қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар бөліміне сілтеме жасап.

Төртінші қабаттан құлаған 3 жасар бала аман қалды

Облыс орталығындағы «Арай» мөлтек ауданында 3 жасар сәби 4-қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді. Қазір баланың жағдайы жақсы. Оқиға бойынша полиция қызметкерлері тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кейінгі жылдарда қалада балалардың көпқабатты тұрғын үй терезесінен құлап кету жағдайы жиі тіркелуде.

«Биыл мұндай 3 жағдай тіркелген. Былтыр 10 бала терезеден құлап, оның екеуі қаза тапты. Осы себепті жаз бойы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізеді», деді Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түймебаев.