Елорда • 15 Маусым, 2022

Бюджет қаражатын игере алмаған елордалық шенеуніктер жазаланды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылдың қорытындысы бойынша елордада бюджет қаражатын уақытылы игере алмаған мемлекеттік мекемелердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бюджет қаражатын игере алмаған елордалық шенеуніктер жазаланды

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаттың кезекті отырысында 2021 жылғы қалалық бюджеттің игерілу мәселесі сараланды.

«Өткен жылы қалалық бюджетке 720 млрд 378 млн теңге қаржы түсті. Осылайша жоспар 43 млрд 156 млн теңгеге артығымен орындалды. Оның ішінде жеке табыс 496 млрд 264 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар 2021 жылы салықтан 455 млрд 273 млн теңге қаржы түсті. Бюджет шығысына келсек өткен жылдың қорытындысы бойынша 699 млрд 900 млн теңгені құрады», деді Нұр-Сұлтан қаласы қаржы басқармасының басшысы Әліби Жұмаев өз баяндамасында.

Көрсетілген ақпаратқа сәйкес, өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласының бюджетін игеру көрсеткіші 97,2%-ды құраған.

«Өткен жылы құрылыс басқармасы қаржының 53,8%-ын игермеген, отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы - 38,4%, білім басқармасы - 1,5%, полиция департаменті - 1,4%, сол сияқты дене шынықтыру және спорт басқармасы - 1,2%-ға қаржыны игермей отыр. Осыған сәйкес, 2021 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражаты уақытылы игерілмегені үшін 15 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды», дейді ол.