Теннис • 15 Маусым, 2022

Серена Уильямс Уимблдонда бақ сынайды

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйелдер сингліндегі «Үлкен Дулыға» турнирінің 23 дүркін жеңімпазы, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы американдық Серена Уильямс осы маусымда Уимблдонға қатысатынын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Серена Уильямс Уимблдонда бақ сынайды

Танымал американдық теннисші бұл жаңалықты әлеуметтік желіде хабарлады.

Айта кетсек, әлем чемпионаты 27 маусым мен 10 шілде аралығында Лондон қаласында өтеді.

40 жастағы Серена Уильямс 2021 жылдың маусымынан бастап кортқа шықпады. Бір жыл бұрын ол жарақат салдарынан Уимблдонның бірінші айналымында белоруссиялық Александра Сасновичке жол берді.