ANTIKOR • 15 Маусым, 2022

Еуропалық сарапшылар Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесін оң бағалады

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ГРЕКО сарапшылары Қазақстанның қабылдап жатқан шараларына оң баға беріп, кешенді тәсілді, жүйелі өзгерістерге бейілділікті және ашықтықты атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еуропалық сарапшылар Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесін оң бағалады

Бағалау қорытындысы бойынша біздің еліміз үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін арттыруға 27 ұсыным бағытталған. Бұл ұсынымдар 2022 жылғы 21-25 наурыз аралығында ГРЕКО-ның пленарлық отырысы аясында бекітілген. Олар әмбебап сипатқа ие және Еуропа Кеңесінің стандарттарына негізделіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциялар мен басқа да құқықтық құралдармен белгіленген.

Аталған ұсыныстардың едәуір бөлігі Мемлекет басшысы жақында бекіткен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында қарастырылған.

ГРЕКО азаматтық қоғамның шешім қабылдауға қатысуының, сот пен құқық қорғау органдарының саяси ықпалдан тәуелсіздігін арттыруының, мемлекеттік аппаратта, оның ішінде саяси қызметшілерді жалдау және жоғарылату кезінде меритократияны қамтамасыз етуінің маңыздылығын атап өтті.

ГРЕКО стандарттарын енгізуі Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесін жаңа деңгейге шығаруға ықпал етеді және еуропалық елдермен, оның ішінде активтерді экстрадициялау және қайтару желісі бойынша ынтымақтастықты күшейтеді деп күтілуде.

Еуропа Кеңесі ГРЕКО ұсынымдарын жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.