Білім • 15 Маусым, 2022

Елорда мектептеріне танымал тұлғалардың есімі беріледі

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық мәслихаттың отырысында бірқатар білім ордаларына елімізге танымал тұлғалардың есімін беру мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда мектептеріне танымал тұлғалардың есімі беріледі

Нұр-Сұлтан қаласы тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп отырыс барысында жасаған баяндамада мәслихат депутаттарын бұл бастаманы қолдауға шақырды.

«Биыл 28 сәуірде қалалық ономастика комиссиясының кезекті отырысы өтті. Сол жерде елорданың бірқатар білім мекемесіне атау беру мәселесі талқыланды. Атап айтқанда №1 қалалық мектеп лицейге Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтің есімін беру, №70 мектеп лицейге көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің есімін беру, №92 мектеп лицейге геология-минерология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының алғашқы құрылтайшыларының бірі Ақжан Әл-Машанидің есімін беру, №65 мектеп гимназияға ақын, жазушы Мағжан Жұмабаевтың есімін беру, №88 мектеп лицейге белгілі ақын Қадыр Мырза Әлінің есімін беруді және №1 өнер мектебіне белгілі күйші Тәттімбет Қазанғапұлының есімін беруді сіздердің назарыңызға ұсынып отырмыз», деді Сәкен Есіркеп.