ANTIKOR • 15 Маусым, 2022

Павлодарда лауазымды тұлға пара алды деген күдікке ілінді

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Шенеунік мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны және орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодарда лауазымды тұлға пара алды деген күдікке ілінді

«Павлодар облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Облыс әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы» ММ басшысына қатысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасағаны және атқарылған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады», делінген Антикор хабарламасында.

Күдіктінің кінәсіне қатысты толық шешім тергеу нәтижесі бойынша қабылданатын болады.

«Қосымша ақпарат Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды», деп қосты ведомство.