Экология • 17 Маусым, 2022

Су заңнамасы халықаралық принциптерге сәйкестендіріледі

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елдегі су ресурстарын пайдалануды реттейтін заңнама халықаралық құқық принциптеріне сәйкестендіріледі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су заңнамасы халықаралық принциптерге сәйкестендіріледі

Парламенттік тыңдауда су рерсурстарын дамытудың келешегі туралы баяндама жасаған вице-премьер жаңа Су кодексінде қандай негізгі бағыттар редакцияланатынын айтты.

«Су кодексінің жаңа редакциядағы негізгі бағыттары:

Бірінші. Елдің су-ресурстық әлеуетін сақтау.

Екінші. Су пайдаланушыларды су үнемдеу технологияларын пайдалануға ынталандыратын тетіктерді айқындау.

Үшінші. Мониторингті цифрландыру, Қазақстанның су ресурстары әлеуетін есепке алу және болжау, сондай-ақ су ресурстарын басқарудағы ғылымның рөлін арттыру.

Төртінші. Ұлттық заңнаманы халықаралық құқық принциптерімен үйлестіру», деді Ералы Тоғжанов.

Е.Тоғжановтың айтуынша, жаңа Су кодексінің және ілеспе заң жобасының тұжырымдамалары әзірленген. Енді заң жобаларының тараулары мен баптары дайындалып жатыр.

«Кодекс жобасы қыркүйекте Президент Әкімшілігіне, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Парламент Мәжілісіне енгізіледі», деді Үкімет басшысының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35