Спорт • 17 Маусым, 2022

«Қайсар» футбол клубының басшысы тағайындалды

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы М.Жайымбетовтың №572 қаулысына сәйкес «Қайсар» Қызылорда облыстық футбол клубы» ЖШС директоры міндетін уақытша атқаруға Садық Мұстафаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайсар» футбол клубының басшысы тағайындалды

Жаңа директорды облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов таныстырды. Ол футбол клубының алдында тұрған міндеттерді атап, жаңа басшыға артылар аманат ауқымды екенін жеткізді. Сөйтіп, Садық Мұстафаевқа сәттілік тіледі.

Ал Садық Шоңмұрынұлы «Қайсардың» бұл маусымда бірінші лигадан Премьер-лигаға шығуына барынша атсалысатынын, клубтың қаражат мәселесін шешуге мүмкіндік қарастыратынын айтып, команда жауапкершілігі ортақ екенін жеткізді.