Әлем • 17 Маусым, 2022

Өзбекстанда КВИ жұқтырғандар көбейді

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны өсті. Кеше инфекция жұқтырған 59 азамат тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстанда КВИ жұқтырғандар көбейді

«2022 жылдың 16 маусым күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 239 435 (+59) жетті», делінген Өзбекстанның ДСМ хабарламасында.

Жаңадан індет жұқтырғандар Әндіжан (2 адам), Бұхара (1 адам), Самарқанд (2 адам), Сұрхандария (4 адам), Ферғана (1 адам), Ташкент облыстарында (4 адам) және Ташкент қаласында (45 адам) анықталған.

Сонымен қатар өткен тәулікте республиканың төрт аймағынан 37 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 237 549-ға жеткені айтылады. Қазіргі уақытта елдегі сауығу көрсеткіші 99 пайызды құрауда.