Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А. ДАУЫЛБАЕВ.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығымен бекітілген
Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ережелер
1. Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық-атқару, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстеріне, «Прокуратура туралы» және «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Заңдары мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және қылмыстық іс жүргізу барысында арнайы мекемелерге орналастырылған, қылмыстық жазаны өтеуші, жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған адамдардың, сондай-ақ әкімшілік қадағалау белгіленген адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 2. Бас Прокурордың орынбасары, Бас прокуратураның ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау департаментінің бастығы, облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар, мамандандырылған прокурорлар, қала мен аудан прокурорлары қадағалаудағы мекемелерде және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің органдарында, арнайы қабылдауыштарда, уақытша ұстау изоляторларында, қоғамдық қауіпсіздік құрылымдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторларында Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары мен өзге де заңнамалық актілердің нақты және біркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды қамтамасыз етеді, кез келген заң бұзушылықты анықтауға және жоюға шаралар қабылдайды. 3. Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына қадағалау қылмыстық жазаның, өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының орындалуы кезінде қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқару, әкімшілік заңнамаларының, басқа да нормативтік құқықтық актілердің нормаларының қолданылу заңдылығын, ұсталғандардың, әкімшілік және тергеумен қамауға алынғандардың, сотталғандардың, жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандардың, сондай-ақ әкімшілік қадағалау белгіленген адамдардың қонституциялық құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын, арнайы және түзеу мекемелерінде ұстаудың тәртібі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ қуғын-сүргіннен ақталған адамдарға ақшалай өтемақыларды төлеу мен жеңілдіктерді берудің тәртібін реттейтін заңнамалардың орындалуын қамтамасыз етеді. 4. Осы Нұсқаулықта қолданылған негізгі ұғымдар мен шартты белгілер: 1) Департамент - Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі департаменті; 2) облыс прокуроры - облыстардың, Астана, Алматы қалаларының прокурорлары, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры; 3) департамент қызметкері - ұсталған, қамауға алынған және жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі Қазақстан Ресубликасы Бас прокуратурасы департаментінің лауазымды тұлғасы; 4) облыс прокурорының көмекшісі – облыстардың, Астана, Алматы қалалары прокурорларының ұсталған, қамауға алынған және жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі көмекшісі және аға көмекшісі; 5) басқарманың қызметкері – ұсталған, қамауға алынған және жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі облыстық прокуратураның басқарма прокуроры, аға прокуроры, бастықтың орынбасары, бастық және оған теңестірілген прокурор; 6) прокурор – қалалық, аудандық прокурор, көліктегі және әскери прокурор, оның орынбасарлары, аға көмекшілері және көмекшілері; 7) қадағалаудың аймақтық қағидаты – Департамент прокурорына осы Нұсқаулық талаптарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі облыстардың жекелеген прокуратураларының қызметтеріне бақылаудың жүзеге асырылуын бекіту; 8) қадағалаудың пәндік қағидаты – Департамент прокурорына прокурорлық қадағалаудың жағдайын және қылмыстық жазалардың атқарылуын, ұсталғандардың, әкімшілік және тергеумен қамауға алынғандардың, сотталғандардың ұсталу тәртібі мен шарттарын реттейтін заңнамалардың жекелеген мәселелерін орындау бойынша заңдылықты тексерудің әдістемелерін әзірлеуді, талдауды және жинақтап қорытуды бекіту; 9) қызметкер – қылмыстық атқару жүйесінің, ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) қызметкері; 10) ұсталған – құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ мәжбүрлеу сипатындағы өзге де шараларды қолдану мақсатында адамның жеке бас бостандығын 72 екі сағаттан аспайтын қысқа уақытқа шектеуден тұратын және уәкілетті мемлекеттік органдар, лауазымды және өзге де тұлғалар заңда көзделген негізде және тәртіппен іске асыратын мәжбүрлеу шарасы қолданылған тұлға; 11) сезікті – тергеушi, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтiрiлгендiгiн хабарлап, соған байланысты Қылмыстық іс жүргізу заңнамаларыменбелгiленген негiздерде және тәртiппен өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған не оны күдіктi деп тану туралы қаулы шығарылған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейiн жолын кесу шарасы қолданылып, күдікті болып танылған адам; 12) айыпталушы – өзiне қатысты айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасаған және бекіткен не тергеуші сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасаған адам; 13) арнайы қабылдауыш – әкімшілік қамауға тартылған адамдарды қабылдауға және ұстауға арналған ішкі істер органдарының арнайы мекемесі; 14) әкімшілік қамалған – әкімшілік қамауға алу қолданылған адам; 15) тергеумен қамалған – қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылған сезікті немесе айыпталушы; 16) уақытша ұстау изоляторы (бұдан әрі – УҰИ) – қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды және Қазақстан Республиксының Қылмысты-іс жүргіу кодесінің 152 бабында (одан-әрі ҚІЖК) көрсетілген айыпталушыларды, сезіктілерді және сотталғандарды күзетте ұстауға арналғанарнаулы мекеме; 17) тергеу изоляторы (бұдан әрі – ТИ) – бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған, қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды, сондай-ақ шаруашылық қызметтер көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қалдырылғансотталғандарды, және де түзеу мекемелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге жіберілгендер мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 68 бабының (одан әрі- ҚАК) талабына сай ауыстырылғандарды ұстауға арналған арнаулы мекеме; 18) арнайы мекемелер – арнайы қабылдауыштар, уақытша ұстау изоляторлары және тергеу изоляторлары; 19) түзеу мекемелері – бас бостандығынан айырылған сотталғандардың жазасын өтеп жатқан түрмелер, жалпы, қатаң және ерекше режимдегі колониялар, тәрбиелеу колониялары және қоныс-колониясы; 20) сотталған адам – өзiне қатысты айыптау үкімі шығарылған айыпталушы; 21) есепте тұрған адамдар – бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға және қылмыстық-құқықтық әсер етудің өзге де шараларына сотталған, Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің қылмыстық-атқару инспекцияларында есепте тұрған адамдар; 22) ЖӨМБШБ – жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату (бұдан әрі – МБШБ); 23) әкімшілік қадағалаудағы адам – сотпен «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» Заңына сәйкес әкімшілік қадағалау белгіленген адам; 24) пробация қызметі – шартты түрде сотталған адамның сынақ мерзімі мен пробациялық бақылауда тұрған кезінде жаңадан қылмыс жасауын алдын алу мақсатында оның жүріс-тұрысын одан әрі түзету үшін әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың кешендерін жүзеге асыратын қылмыстық-атқару инспекциясындағы қызмет; 25) электрондық бақылау құралдары (электрондық білезік) – тиісті бақылауды қамтамасыз етуге және Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қылмыстық-атқару инспекциясында есепте тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға немесе шартты түрде сотталған адамның жүрген жері туралы ақпаратты алуға арналған электрондық құрылғы; 26) төтенше жағдай – табиғи не экологиялық зілзала, сезіктілер мен айыпталушылардың, сотталғандардың қылмыс жасау фактілері, адамдарды кепілге алу, қирату (мүлікті қасақана жою), жаппай тәртіпсіздік (екі және одан көп тұлға), топтасып қашу, дене мүшелеріне зақым келтіру, ақылы қызмет түрін орындаудан, тамақ ішуден (аштық жариялау) бас тарту, сондай-ақ олардың заңмен белгіленген режимді бұзуға бағытталған басқа да құқыққа қарсы іс-әрекеттерді жасауы, арнайы және түзеу мекемелері әкімшілігінің талаптарын орындамауы, қызметкерлердің ұсталғандарға, әкімшілікпен және тергеумен қамалғандарға, сотталғандарға қатысты азаптауларды, рұқсат етілмеген ықпал ету шараларын, арнаулы құралдарды қолдануы, «Еңбек» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны ёқызметкерлері мен жұмысшыларының қылмыс, сыбайлас жемқорлық қылмысы мен құқық бұзушылықтар жасауы, түзеу және арнайы мекемелерде ұсталған тұлғалардың зорлықпен өлтірілуі; 27) арнайы хабарлама – төтенше жағдай туралы электронды немесе факсимилды байланыс арқылы дереу (3 сағат ішінде) жіберілетін хабарлама; 28) кешенді тексеру – бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыстық жазалардың орындалуы бойынша жалпы заңдылықтың жағдайын және түзеу мекемелері әкімшіліктері мен жергілікті атқару және құқық қорғау органдарының өзара іс-әрекетінің жағдайын прокурорлық тексеру; 29) мамандар – қызметтің қандай да бір саласында (денсаулық сақтау, бухгалтерия, қаржы, еңбекті қорғау, әлеуметтік, өртке қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық бағыттағы және т.б.) арнаулы білімі бар адамдар; 30) ҚАИ – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қылмыстық-атқару инспекциясы; 31) ІІО ҚҚБ – ішкі істер органдарының қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі; 32) «Еңбек» РМК – Қылмыстық атқару жүйесінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның филиалдары; 33) айыптылық бөлмелер – айыптылық изолятор (бұдан әрi – АИ), камера түріндегi бөлмелер (бұдан әрi – КТБ), бір кісілік камера (бұдан әрi – БКК), карцер, тәртiптiк изолятор (бұдан әрi – ТИЗО); 5. Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалауды ұйымдастырған кезде келесіні қадағалау прокуратура органдары қызметінің басымды бағыттары болып табылады: 1) құқық қорғау органдарының арнайы және түзеу мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық сипатындағы, ұйымдасқан, терроризм мен діни экстремизм, есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарына қарсы күрес жұмыстарының үйлестірілуін; 2) ұсталғандардың, әкімшілікпен және тергеумен қамалғандардың, сотталғандардың, ЖӨМБШБ және әкімшілік қамауға алынғандары конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын; 3) азаптауларға қарсы бағытталған заңнамалардың сақталуын, сондай-ақ ұсталғандарды, әкімшілік және тергеумен қамалғандарды, сотталғандарды 1955 жылғы 30 тамыздағы БҰҰ бірінші Конгресінде қабылданғанҚамаудағыларға қараудың ең төменгі стандарттық ережелеріне жақын ұстау жағдайларымен қамтамасыз етілуін; 4) жазаны өтеу орындарынан босатылған адамдардың бейімделуіне бағытталған заңнаманың сақталуын; 5) ұсталғандарды, әкімшілік және тергеумен қамалғандарды, сотталғандарды ұстауға бөлінетін бюджет қаражаттарын пайдалану заңдылығының жағдайын. 6. Прокурорлық қадағалау ІІМ ҚҚБ, ҚАИ, арнайы және түзеу мекемелерінде заңдылықтың жағдайын тоқсан сайын талдау негізінде қамтамасыз етіледі. 7. Арнайы және түзеу мекемелерінің, ҚАИ, ІІМ ҚҚБ, халықты әлеуметтік қорғау органдарының қызметіндегі заңдылықтың жағдайын тексеру жұмыс жоспарына сәйкес, Бас және облыстық прокуратуралардың тапсырыстары мен тапсырмалары, төтенше жағдайлардың деректері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, заңды және жеке тұлғалардыңөтініштері бойынша тексеру тағайындау туралы қаулының негізінде жүргізіледі. Тексеру барысында қадағалауға бағынысты органдардың қызметіндегі заңдылығының жағдайына және прокурорлық қадағалаудың тиімділігіне баға беріледі. 8. Прокурор өз құзыреті шегінде, заңдылықтың, ұсталғандардың, әкімшілік және тергеумен қамалғандардың, сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің анық бұзылуына дереу ықпал ету мақсатында, тәуліктің кез келген уақытында ІІО ҚҚБ, ҚАИ, арнайы және түзеу мекемелерін тексеруге құқылы. Қажетті кезде тексерулерге мамандар тартылады. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің аумақтық бөлімшелерінде жеке кәсіпкерлік субьектілерге тексеру жүргізу туралы қаулы тіркелуге жатады. Тексеру нәтижелері анықтама немесе акті түрінде ресімделеді, онда: тексерудің жүргізілген орны мен уақыты, тексерушінің лауазымы, тегі, аты,әкесінің аты, анықталған заң бұзушылықтар, жұмыстағы кемшіліктер мен олқылықтар, осыған әсер еткен себептер мен салдарлар, тексеру нәтижелерін іске асырудың ұсынылып отырған нұсқалары, оларды жоюдың жолдары мен тәсілдері көрсетіледі. Прокурорлық қадағалау актілерін енгізу қажет болған кезде, сондай-ақ ұсталғандардың, әкімшілік және тергеумен қамалғандардың, сотталғандардың конституциялық құқықтарының бұзылғаны анықталған кезде анықтама ресімделеді. Тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтарды, жұмыстарды ұйымдастырудағы кемшіліктер мен олқылықтарды жою кезінде акт құрастырылады. Түзеу мекемелерін кешенді тексеру нәтижелері анықтама түрінде ресімделеді. 9. Тексеру нәтижелері туралы анықтамамен тексерілген органдардың бірінші басшылары немесе олардың міндеттерін атқарушылар, сондай-ақ осы орган қызметінің қадағалануын қамтамасыз ететін прокурор танысады. 10. Облыс прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар немесе Үйлестіру кеңестерінің жедел кеңестерінде, алқа отырыстарында заңдылық, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлы іс-шаралардың нәтижелері мен тексерулері үнемі қаралады. 11. Бас прокуратурада тұрақты негізде облыс прокурорлары мен олардың орынбасарларының ұсталған, әкімшілікпен қамалған, қамауға алынған, қылмыстық жазаны өтеуші, ЖӨМБШБ және қадағалауда жүрген адамдардың құқықтарының сақталуы мәселесі тыңдалып отырады. 12. Облыстық деңгейдегі органдар, мекемелер мен ведомствалар, лауазымда тұлғаларға бағытталған прокурорлық қадағалау актілері облыс прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар арқылы, орталық органдарға Бас прокуратура арқылы жолданады. Осы кезде анықталған заң бұзушылықтарды нақты жоюға бақылау белгіленеді. 13. Қылмыстық жазаларды атқару, ұсталғандарды, әкімшілікпен және тергеумен қамалғандарды, сотталғандарды арнайы және түзеу мекемелерінде ұстау, сондай-ақ ЖӨМБШБ және қадағалауда жүрген адамдардың жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша қылмыстық-атқару жүйесі, Ішкі істер және ҰҚК органдары шығаратын нормативтік құқықтық актілерінің, бұйрықтарының және өкімдерінің заңдылығы үнемі зерделенеді және тексеріледі. 14. Прокуратура органдарында жедел-профилактикалық есепке тіркелген адамдарға қатысты бақылау істері ашылады.2. Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру
1-параграф. Департаменттің қадағалауды ұйымдастыруы 15. Департамент қызметкерлері: 1) Бас прокуратура мен Департаменттің Стратегиялық, операциялық және тоқсандық жұмыс жоспарларына сәйкес, Бас прокуратураның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен, төменгі тұрған прокуратуралармен, мүдделі министрліктер және ведомстволармен өзара іс-әрекет ету және үйлестіру арқылы қызметкерлердің лауазымды міндеттерін нақты жіктеу және тапсырылған учаскелер мен аймақтық-пәндік қағидаттар бойынша істердің жағдайына олардың әрқайсысының жеке жауапкершілігін белгілеу негізінде Республикада ұсталған, әкімшілік қамалған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші, ЖӨМБШБ және әкімшілік қадағалаудағы адамдардың құқықтарының сақталуына тұрақты және пәрменді қадағалау ұйымдастырады және жүргізеді; 2) азаматтарды ақтау және қылмыстық жазаны орындау мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ҚазақстанРеспубликасының министрліктер мен ведомстволарының құқықтық аткілеріне, Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, Әкімшілік полициясы комитетінің қызметіндегі заңдылыққа – УҰИ, арнайы қабылдауыштардың қызметіндегі, сондай-ақ ЖӨМБШБ және әкімшілік қадағалаудағы адамдардың жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуы мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің – ТИ қызметіндегі заңдылықтың сақталуы мәселелері бойынша тікелей қадағалауды жүзеге асырады; 3) жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, жетекшілік ететін желілердің қызметінің заңдылығын қамтамасыз етеді, бірлескен тексерулер жүргізу бастамасы көтеріледі және қылымыстық жазаның атқарылуы мен қамауға алынған адамдарды ұстау кезінде заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған өзара қызмет ету шаралары қабылданады; 4) облыс прокурорларының ұсыныстары және сотталғандардың өтініштері бойынша үкімдердің орындалу мәселесіне байланысты қабылданған сот қаулысының заңдылығына наразылық енгізу мақсатында зерделенеді; 5) оқу семинарлары мен кеңестер, бірлескен тексерулер және облыс прокурорларының көмекшілерін, көліктегі және әскери Бас прокурорларыныңұсталған, қамауға алынған және жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалауды қамтамасыз ететін көмекшілерін, басқарма қызметкерлерін, прокурорлардың тағылымдамадан өтуі ұйымдастырылады және өткізіледі, жұмыстың оң тәжірибелері зерделенеді және таратылады, қадағалауды ұйымдастырудағы жол берген кемшіліктері мен олқылықтары үшін төменгі тұрған прокурорлардың жауапкершіліктері туралы Бас прокуратураның басшылығына ұсыныстар енгізіледі; 6) жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың жағдайына қадағалауды қамтамасыз ету бойынша және де қадағалаудың басымдық және аймақтық бағыттары бойынша талдау жасалады, тексерудің әдістері әзірленеді; 7) Бас прокуратура басшылығының тапсырмасы бойынша төтенше жағдайлардың салдары жергілікті орындарға бару арқылы тексеріледі; 8) жергілікті орындарда тексеру жүргізу кезінде заңдылықтың бұзылу дерегі бойынша шұғыл ықпал ету талап етілетін жағдайда, прокурорлық ықпал ету актілері дербес енгізіледі; 9) Бас прокуратура басшылығының тапсырмасы бойынша аумақтық прокурорлардың, аймақтардағы құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының қабылдаған шешімдерінің, сондай-ақ сот актілерінің заңдылығын зерделеу мақсатында қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер мен өзге де материалдар сұратып алынады.2-параграф. Облыс прокуратуралары мен
оларға теңестірілгендердің қадағалауды ұйымдастыруы
16. Облыс прокурорлары және олардың орынбасарлары: 1) ұсталған, арнайы мекемелерге орналастырылған, қылмыстық жазаны өтеуші, ЖӨМБШБ және әкімшілік қадағалаудағы адамдардың құқықтарының сақталуына қадағалаудыұйымдастырады және қамтамасыз етеді; 2) түзеу және арнайы мекемелерінің кешенді тексерулеріне қатысады. Көрсетілген тексерулерді жүргізу барысында ұсталғандарды, әкімшілік және тергеумен қамалғандарды, сотталғандарды, «Еңбек» РМК-ның қызметкерлері мен жұмысшыларын жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізіледі; 3) арнайы және түзеу мекемелерінде қызметкерлердің ұсталғандарға, тергеумен қамалғандарға және сотталғандарға азаптау, рұқсат етілмеген ықпал ету шараларын, арнаулы құралдарды қолдану фактілері бойынша уақытында тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді; Мұндай фактілер бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешімдердің заңдылығын он тәулік ішінде тексеруді тапсырады. 4) Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларының қызметіне көмек береді. 17. Төтенше жағдайлар туралы ақпарат түскен кезде дереу 3 сағат ішінде Департаментке арнайы хабарлама тағайындауды және жіберуді қамтамасыз етеді, онда міндетті түрде төтенше жағдайдың орын алған күні, уақыты, орны және мән-жайы, себебі, мақсаты, тәсілі, нысанасы мен оны жасаған кезде пайдаланған құрал-жарақтары, оған қатысқан адамдардың жалпы саны, олардың тегі, аты, әкесінің аты, ҚК-тің қандай баптары бойынша тартылғаны немесе сотталғаны, жедел-алдын алу есебінде туратындығы көрсетіледі (5 және одан да көп қатысушылар болса, олар туралы деректер арнайы хабарламаға тіркеледі). 18. Арнайы және түзеу мекемелеріндегі жедел-іздестіру қызметінің заңдылығына қажетті қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында облыс прокуратураларының тиісті құрылымдарының өзара тығыз қызмет етуіне назар аударылады. Қажетті кезде арнайы және түзеу мекемелерінде тиісті режимді қамтамасыз ету шараларын әзірлеп, бірлескен тексерулерді өткізу және талдау жасау тапсырылады. 19. Облыс прокурорларының көмекшілері, басқарма қызметкерлері: 1) ҚАЖ комитеті департаменттерінің, «Еңбек» РМК, арнайы және түзеу мекемелерінің (бұндай өкілеттік облыс прокурорының өкімімен жүктелген жағдайда) қызметіндегі заңдылыққа, Ішкі істер департаментінің – арнайы мекемелерде заңдардың, ЖӨМБШБ және әкімшілік қадағалаудағы адамдарға бақылауды жүзеге асыру заңнамасының орындалуына, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ТИ заңдардың орындалуына, сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заңнамалардың қолданылуына қадағалауды жүзеге асырады; 2) облыс прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімшесімен келісіп, арнайы және түзеу мекемелерінде жүргізілетін жедел-іздестіру іс-шараларының заңдылығын тексереді; 3) осы Нұсқаулықтың 32-56-тармақтарының орындалуы бойынша прокурорлардың қызметіне тікелей бақылауды жүзеге асырады. Прокурорларға жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды қамтамасыз етуде ұйымдастыру және әдістемелік көмек көрсетіледі, облыстық және оларға теңестірілген прокуратураларда тағылымдама және оқыту жүргізіледі; 4) ұсталған, қамауға алынған және түзеу мекемелерінде жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталу мәселесі бойынша қоғамдық бақылау комиссияларымен бірлескен іс-шаралар жоспарланады, үнемі түрде қарым-қатынас жүргізіледі; 5) арнайы және түзеу мекемелеріндегі ұсталған тұлғалардың құқықтарының бұзылғандығы туралы қоғамдық бақылау комиссиясы мүшелерінің барлық өтініштері бойынша кідірмей тексерулер жүргізіледі. Заңның бұзылуы анықталған жағдайда кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты прокурорлық ықпал ету шаралары қолданылады. 20. Арнайы және түзеу мекемелерінде ұсталғандарға, әкімшілікпен және тергеумен қамалғандарға, сотталғандарға азаптаулардың, рұқсат етілмеген ықпал ету шаралары мен арнаулы құралдардың негізсіз қолданылғаны туралы хабарламалар немесе өтініштер келіп түскен кезде, дербес немесе прокурор, қылмыстық қудалау органдары процессуалдық шешім қабылдау арқылы тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етеді. Ұсталғандарға, әкімшілік және тергеумен қамалғандарға, сотталғандарға арнайы құралдарды негізсіз қолдану фактісі бойынша қорытынды шығарылып, облыс прокурорының жетекшілік ететін орынбасары бекітеді. Қорытындыда арнайы құралдардың қолданылу орны, уақыты, жағдайы, сондай-ақ оларды қолданған қызметкерлер туралы деректер, арнайы құралдардың қолданылуын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сілтеме мазмұндалуы қажет. Қорытындының резолютивтік бөлігінде арнайы құралдарды қолданудың заңдылығы немесе заңдылықты бұзушылығы туралы тұжырым көрсетіледі. Қорытындыға растайтын материалдар қоса тіркеледі. 21. Айына бір реттен кем емес облыс орталықтарында, орналасқан ТИ, ҰУИ және арнайы қабылдауыштарда заңдылықтың сақталуының жағдайына тексерулер жүргізіледі. Адамның қамауда заңсыз отырғаны анықталған кезде оны дереу босатуға шаралар қабылданады. 22. Басқа елді мекендерде орналасқан УҰИ және арнайы қабылдауыштарда тексеру заңдылықтың жағдайы мен ұсталғандардың, әкімшілікпен және тергеумен қамалғандардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуына байланысты жүргізіледі. Арнайы мекемелерде тексеру жүргізгенде ұсталғандарды, әкімшілік және тергеумен қамалғандарды, сотталғандарды және қызметкерлерді жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізіледі; 23. Төтенше оқиғаларды және ұсталғандарға, тергеумен қамалғандарға және сотталғандарға қаруларды, арнаулы құралдарды қолдану, арнайы және түзеу мекемелерінен қашуға оқталу, өзін өлтіру және өзіне дене жарақатын салу барлық фактілерін есепке алу жүргізіледі. Төтенше жағдайлар туралы ақпаратты алған кезде дереу телефон байланысымен (бір сағат ішінде) Департаменттің жетекшілік ететін қызметкеріне хабарланады. 24. ТИ келесі тексеріледі: 1) айыпталушының қамаудағы мерзімінің аяқталуы мен оны қамаудан босату туралы шешімнің қабылдануы туралы тиісті органдарды уақытында хабардар ету бөлігіндегі мекеме әкімшілігінің қылмыстық іс жүргізу заңнамасы талаптарының сақтауына назарын аударып, күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталғандардың қамауда ұсталуының заңдылығы; 2) тергеумен қамалғанның арызын прокурорға уақытында жіберу бөлігіндегі Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарының сақталуы; 3) материалдық-тұрмыстық жағдайлармен және медициналық-санитарлық қызметпен қамтамасыз етілуі; 4) тергеумен қамалғандарды, сотталғандарды тергеу изоляторларына орналастырған кезде және тергеу әрекеттері мен сот талқылауынан кейін әрбір кері қайтарылғанда, дене жарақатының болу-болмауына уақытында медициналық куәландырудың жүргізілуі; 5) тергеумен қамалғандардың және сотталғандардың арасында туберкулездің таратылуына қарсы іс-әрекет ететін нормативтік құқықтық актілердің талаптарының сақталуы; 6) инженерлік-техникалық күзет құралдары мен ғимараттардың қойылатын талаптарға сәйкестігі; 7) ұсталғандарды, тергеумен қамалғандарды және сотталғандарды ұстауға бөлінген бюджет қаражаттарын пайдаланудағы заңдылықтың жағдайы; 8) 48 сағат ішінде тергеумен қамалғандарды карцерге қамаудың заңдылығы; 9) тергеумен қамалғандардың уақытша ұстау изоляторларынан тергеу изоляторына уақытында қайтарылуы; 10) сотталғандардың тергеу изоляторларынан түзеу мекемелеріне уақытында жіберілуі; 11) тергеумен қамалғандарды бөлек орналастыру мәселелерін реттейтін заңнама талаптарының сақталуы; 12) сотталғандарды шаруашылық қызмет көрсету жұмыстарын орындау үшін қалдырудың заңдылығы; 13) сотталғандарды қоныс-колониясына ауыстыру, жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру, ұстау режимін қасақана бұзушыларды жазасын өтеу үшін түзеу мекемелеріне жіберу туралы мәселелердің уақытында қаралуы және заңдылығы; 14) сезіктілерге, айыпталушыларға және сотталғандарға жазаларды тағайындау мен оларды көтермелеудің заңдылығы; 15) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін реттейтін заңнама талаптарының сақталуы. 25. Тексеру барысында, дереу ықпал етуді талап ететін заңдылықты айқын бұзушылық анықталса, прокурорлық қадағалау актілері енгізіледі. 26. Шаруашылық жұмыстарын орындау үшін ТИ қалдырылған сотталғандарға қатысты үкімді орындауға байланысты мәселелердің бірінші сатыдағы сотта қаралуы кезінде, сондай-ақ үкімнің орындалуына байланысты мәселелерлі шешу кезінде шығарылған сот қаулыларына келтірілген арыздар мен наразылықтарды апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттарда қараған кезде міндетті түрде қатысады. Облыс прокурорының өкімімен үкімнің орындалуына байланысты мәселелерді қарауда сотқа қатысуды,мемелкет мүддесіне өкілдік ету және қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыратын облыстық прокуратураның тиісті бөлімшесіне және оған теңестірілген, немесе прокурорларға жүктелуі мүмкін. 27. УҰИ және арнайы қыбылдауыштарда тексеру осы Нұсқаулықтың 40-48-тармақтарының ережелеріне сәйкес жүргізіледі. 28. Түзету мекемелерінде тексеру осы Нұсқаулықтың 38-39-тармақтарының ережелеріне сәйкес жүргізіледі. 29. ЖӨМБШБ, әкімшілік қадағалаудағы адамдардың жүріс-тұрысына бақылауды қамтамасыз ету, қылмыстың қайталануын алдын алу мақсатында, жарты жылда бір рет мекемелерден босатылған, соның ішінде басқа аймақтардағы, тұрғылықты мекенжайларына келген ЖӨМБШБ және әкімшілік қадағалаудағы адамдардың саны туралы, олардың қайталап жасаған қылмыстары туралы Ішкі істер департаментінің мәліметтерімен бірге Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттегі деректермен салыстырып тексеру жүргізіледі. 30. Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың жағдайына қадағалаудың қамтамасыз етілуіне тоқсан сайын талдау жүргізеді. 31. Азаматтарды жаппай саяси қуғын-сүргіндерінен ақтау мәселелерін реттейтін заңнамалардың қолданылуы жыл нәтижесі бойынша жинақтап қорытылады.3-параграф. Қалалық және аудандық прокуратуралардың қадағалауды ұйымдастыруы
32. Қалалық және аудандық прокурорлар: 1) түзеу мекемелерінде, УҰИ, арнайы қабылдауыштардың қызметіндегі заңдылыққа, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық жазалардың, өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының атқарылуы заңдылығына, ЖӨМБШБ және әкімшілік қадағалаудағы адамдарды бақылау тәртібі заңнамасының, ақталған азаматтарға ақшалай өтемақыларды төлеуді және оларға жеңілдіктерді беруді регламенттейтін заңдардың орындалсының сақталуына қадағалауды жүзеге асырады; 2) қызметкерлердің ұсталғандарға немесе әкімшілік және тергеумен қамалғандарға, сотталғандарға арнаулы құралдар мен күш қолдануы туралы ақпарат оқиға орнына барып, арнайы қабылдауыштардың және түзеу мекемелері әкімшіліктерінің іс-әрекеттерінің заңдылығы мен негізділігі туралы қорытындыны құрастыру арқылы тексеріледі. Қорытынды осы Нұсақулықтың 20-тармағында көрсетілгендей тәртіп бойынша жасақталып, прокурормен бектіледі. Арнайы немесе түзеу мекемелерінде азаптаулардың, рұқсат етілмеген ықпал ету шараларының қолданылғаны туралы мәліметтер бар болғанда немесе өтініштер келіп түскен кезде, тексеру азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерi туралы өтініштерді тексеру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады; 3) ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының қызметіне көмек беру бойынша шаралар қабылданады, құқықтарының бұзылуы бойынша «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнің алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетiгiн жасау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңында көрсетілгендей, кідірмей тексеру жүргізіледі. Тексеру нәтижесі бойынша негізділігі бар болған жағдайда кідірмей, үш жұмыс күні ішінде алдын алу тетігінің баруына жатқызылған түзеу мекемелерінің және өзгеде ұйымдардың кінәлі лауазымды тұлғаларына қатысты құжаттар жинақталады және сотқа жолданады; 4) ұсталған, қамауға алынған және түзеу мекемелерінде жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталу мәселесі бойынша қоғамдық бақылау комиссияларымен бірлескен іс-шаралар жоспарланады, үнемі түрде қарым-қатынас жүргізіледі. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының және түзеу мекемелеріндегі ұсталған тұлғалардың құқықтарының бұзылғандығы туралы қоғамдық бақылау комиссиясы мүшелерінің өтініштері бойынша кідірмей тексерулер жүргізіледі. 33. Жарты жылда бір рет облыс прокурорының немесе оның орынбасарының қатысуымен түзеу мекемелерінде кешенді тексерулер жүргізіледі. 34. Сотталғанды айыптау бөлмесіне орналстыру немесе ауыстыру туралы түзеу мекемесінің әкімшілігімен қабылданған қаулының заңдылығы және негізділігі 48 сағат ішінде тексеріледі, тиісті қортындысы жасақталумен бірге. Ай сайын түзеу мекемелерінде сотталғандарды айыпталу орындарында ұстау жағадайынтексереді. Тексеру нәтижесі анықтамамен ресімделеді, сондай-ақ тексеру жүргізілген органның тиісті журналына күнін, уақытын, режимнің температурасын, ауаның ылғалдылығын, айыптылық орындарында (АИЗО, КҮҮЖ, ТОО, ЖК АИЗО, КТБ, ТИЗО және БК қамалған адамдардың санын жеке көрсетіп) ұсталған адамдардың және арызбен шағымданған сотталғандардың жалпы санын көрсетіп, тексеру жүргізгені туралы қысқаша жазба толтырады. 35. Ай сайын түзеу мекемелерінде сотталғандарды, колония қызметкерлерін және «Еңбек» РМК жұмысшыларын жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізіледі. 36.Сотталғандар арасында құқық бұзушылық пен қылмысқа қарсы әрекеттердің,түзеу мекемелеріндегі жедел-іздестіру қызметінің заңдылығына қадағалау жүзеге асырылады. 37. Түзеу мекемелеріндегі анықтауға, қылмыстық істі қозғау туралы және қозғаудан бас тарту тура