Оқиға • 18 Маусым, 2022

Ақтауда катамаранға мінген адамдар жағаға шыға алмай қалды

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға туралы туралы облыстық ТЖД-не кеше сағат 14:30-да қоңырау түскен, деп хабарлайды Egemen.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтауда катамаранға мінген адамдар жағаға шыға алмай қалды

Оқиға «Шағала» қонақ үйі маңындағы жағадан 150-200 м қашықтықта болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 6 адамды жағаға шығарды. Барлығы - аман-есен. Медициналық көмекті қажет етпеді.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің айтуынша, құтқаруға Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасынан 2 қызметкер, 1 қайық жұмылдырылған.

«Дауылды ескерту жарияланғанына қарамастан, «Самурадов Ермек» ЖК жүзу құралдарын жалға беруді жалғастырып жатыр. Аталған жағдай бойынша прокуратура мен көліктік бақылау инспекциясына ақпарат жіберіледі», деді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Әбдіқадыров Бекболат Қайырбекұлы.