Қазақстан • 18 Маусым, 2022

ЕО-ға баратын қазақстандықтарға виза режимін жеңілдету қарастырылды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Франция арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығы аясында Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Парижге жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЕО-ға баратын қазақстандықтарға виза режимін жеңілдету қарастырылды

Р. Василенко мен Францияның Еуропа және Сыртқы істер министрлігі Континенталды Еуропа департаментінің директоры Фредерик Мондолонимен пікір алмасты.

Келіссөздер барысында тараптар арадағы қарым-қатынастарға жаңа серпін берудің маңын атап өтті. Осы орайда Ф.Мондолони Қазақстан Францияның ортаазиялық аймағындағы негізгі және сенімді серіктесі екенін еске салды. Екі мемлекет басшыларының кездесуін ұйымдастыру жайы да сөз болды. 

Франция 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Еуродақ Кеңесіне төрағалық етеді. Осы ретте Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегі талқыланды. 29 саланы қамтитын Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің барлық ережелерін іске асыру жолдары пысықталды. Ататп айтқанда екі ел азаматтары арасындағы байланыстарды кеңейтуге, Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдетуге ерекше назар аударылды.