Ауа райы • 20 Маусым, 2022

Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі

682 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

20 маусым күні циклон әсерінен Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі

Қазгидромет мәліметінше, республиканың солтүстігінде және оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Сонымен қатар бұршақ жауып, дауыл тұрады. Республиканың батысында, солтүстік-шығысында жауын-шашын жаумайды.

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Ақмола облысының басым бөлігінде найзай күтіледі, облыстың солтүстігінде батысында бұршақ болады, найзағай кезінде жел жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай, батысында шаңды дауыл күтіледі, батысында, шығысында, таулы аудандарда жел 17-22 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысының кей уақытында найзағай, дауыл, таулы аудандарда бұршақ, батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі, облыстың батысында, таулы аудандарында жел екпіні 23 м/с жетеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, солтүстік жартысында жел қарқыны - 15-20 м/с. Күндіз Атырау облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғып, жел 15-20 м/с жетеді. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай, солтүстік-батысында жел екпіні - 18 м/с. Қостанай облысының батысы мен шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, батыста, шығыста жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында дауыл, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай күтіледі, күндіз солтүстік-шығыста, орталықта жел қарқыны - 15-20 м/с. Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, таңертең және күндіз оңтүстікте, орталықта найзағай, дауыл, күндіз солтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аудандарда жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.