Қоғам • 20 Маусым, 2022

Елімізде әуе рейстерінің кешігу себебі айтылды

185 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Азаматтық авиация комитеті еліміздегі ұшақ рейстерінің кешіктірілу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде әуе рейстерінің кешігу себебі айтылды

«18 маусымда «Эйр Астана» әуекомпаниясының Боинг-767 үлгісіндегі әуе кемесінде техникалық ақаулық анықталды. Бұл өз кезегінде осы әуе кемесінде жоспарланған әуе компанияларының рейстерінің уақытылы орындалуына әсер етті. Осыған байланысты, әуекомпания келесі рейстерде әуе кемесін ауыстыруға мәжбүр болды.

18-19 маусымында Алматы – Анталья бағыты бойынша 2 рейс 24 сағат 56 минутқа және 3 сағат 23 минутқа кешіктірілді.

«Эйр Астана» әуекомпаниясының 2022 жылғы 18 маусымдағы Алматы – Анталья бағыты бойынша КС 915 рейсі кесте бойынша жергілікті уақыт бойынша сағат 09:40-та ұшуға жоспарланған болатын. Алайда рейс техникалық себеппен кешіктірілді. Рейс Анталияға 19 маусымда сағат 10:36-да ұшты. Сондай - ақ 19 маусымдағы Алматы-Анталья бағыты бойынша КС 915 рейсі кесте бойынша жергілікті уақыт бойынша сағат 09:40-та жоспарланған. Алайда техникалық себеп бойынша сыйымдылығы аз әуе кемесі Боинг-767-ден Эйрбас-321-ге ауыстырылды. Борт жергілікті уақыт бойынша сағат 13:03-те жолға шықты. Осы рейстен жолаушылардың бір бөлігі Нұр-Сұлтан арқылы Анталияға жөнелтілді. Ал, бір бөлігін 20 маусымдағы Алматы-Анталья КС 915 рейсімен жөнелту жоспарланып отыр. Бұдан басқа «Эйр Астана» әуекомпаниясының Алматы – Анталья бағыты бойынша КС 915 рейсі 20 маусымдағы әуе кемесінің Сеул – Алматы рейсінен күту себебінен сағат 15:40-қа дейін кешіктіріледі. Кешіктіру 6 сағатты құрайды», делінген комитет хабарламасында.

Кешіктірілген рейстердің барлық жолаушыларына Қазақстан әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңның 86-бабында көзделген қызметтер көрсетілді.