21 Мамыр, 2010

ПАРЛАМЕНТТІК ДОСТЫҚ ДАМУ ҮСТІНДЕ

583 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан мен Израиль ара­сын­дағы екіжақты қарым-қатынастарда саяси байланыстардың ажырамас бөлшегі болып табылатын парла­мент­аралық қатынастар үйлесім тауып келеді. Кнессет депутаты, пар­ламентаралық “Израиль-Қа­зақстан” достық ассоциациясының төрайымы Фаина Киршенбаумның қазақстандық сенаторға, Халық­ара­лық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуа­ныш Сұлтановқа арнаған сөзін­де саяси, сауда-экономикалық, ғы­лы­ми-техникалық және мәдени-гу­ма­нитарлық салалардағы өзара іс-қи­мылды өрістетуде парламентара­лық үнқатысудың рөлі аталып өтілді. “Дағдарыстан кейінгі өсу, эко­номиканың жедел әртараптануы, адам капиталына инвестиция жа­сау, халық өмірінің сапасын жақ­сар­ту, халық бірлігі мен ұлттық қауіп­сіздікті нығайту. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүм­кін­діктері” Жолдауында Қазақстан бас­шысының таяу 10 жылға белгі­лен­ген осындай негізгі бағыттары нақты көрінеді, олар Израильде түсіністік пен қолдау тауып отыр”, – деп жазады Кнессет депутаты. Қазақстан бұрыннан халықара­лық назарға алынып келеді. Еліміз бен Президент Н.Назарбаевтың халықаралық қоғамдастықта елеулі түрде өсіп келе жатқан беделі туралы, саяси және экономикалық реформалардың танылуы туралы ЕҚЫҰ-ға қазіргі төрағалық етуімен дәлелденіп отыр. Ислам әлемі де Қазақстанды, оның ішінде Орталық Азия айма­ғын­дағы жетекшілігін таниды. Мұ­сылман елдерімен шекараласатын­дық­тан, біз үшін мұсылман әле­мі­мен де байланыстар аса маңызды. “Кнессет депутаты және Израиль-Қазақстан парламентаралық ассо­циациясының төрайымы ретінде мен Қазақстанда жиі боламын, – деп жазады Ф.Киршенбаум. – Са­пар кезінде мен Сенат және Мә­жі­ліс депутаттарымен, саясаткерлер­мен және іс адамдарымен кезде­се­мін, нә­тижеге қол жеткізуге және ұлт­ара­лық теңдікті сақтауға бағыт­тал­ған ұлттың көңіл-күйі ұнайды”. “Үстіміздегі жылы, күзде біз қа­зақ­стандық депутаттарды Израиль­де күтеміз”, дей отырып, ол Қа­зақ­стан экономикасын жедел ин­дус­триялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарла­ма­сын жүзеге асыруды қолдауға израиль жағы­ның әзірлігін атап өтті. Ф.Киршенбаумның пікірінше, сауда-экономикалық ынтымақ­тас­тық жөніндегі үкіметаралық Қа­зақ­стан-Израиль комиссиясының 5 отырысында өнеркәсіп, мәшине жасау, медицина, білім беру, ауыл шаруашылығында осындай ынты­мақ­тастықтың қажеттігі нақты­ланды. “Бізде дәстүрлі жылы шырайлы және достық негізіндегі қаты­нас­тар­ды дамытуға барлық мүмкін­діктер бар. Бізді көптеген жағ­дай­лар: тілдің ортақтығы мен тіннің ұқсастығы байланыстырады. Мен бізбен тату Қазақстан халқына та­быстар мен өркендеу тілеймін”, – деді өз сөзінде парламентаралық “Израиль-Қазақстан” достық ассоциациясының төрайымы, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.