Қоғам • 20 Маусым, 2022

БҚО-да ток соғып, екі қолынан айырылған балаға көмек көрсетіледі

496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев ток соғып, екі қолынан айрылған балаға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

БҚО-да ток соғып, екі қолынан айырылған балаға көмек көрсетіледі

Облыс басшысы баланың жағдайымен жеке барып таныспағанын, бірақ бұл жайлы хабары бар екенін ашып айтты.

«Әрине, әкім ретінде мен осындай барлық қайғылы оқиғаларға жауаптымын. Қазір болған жайтқа қатысты тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр. Егер әкімдікке қарасты компанияның кінәсі дәлелденсе, әрине тиісті шараны қолданамыз. Өте өкінішті, қайғылы жағдай. Қылмыстық іс сотқа жеткеннен кейін жағдайды бақылап, заң аясында шара қабылданады. Балаға тиісті көмек көрсетеміз. Әрине мұндай жағдай қайталанбауы тиіс», деп жауап берді Ғали Есқалиев.

Еске сала кетсек, 25 мамырда Батыс Қазақстан облысында баланы ток соқты. Оқиға салдарынан бала екі қолынан айырылды.

Өңірлік төтенше жағдай департаменті түсіндіргендей, 4 бала ойнап жүріп, кіші станцияның қоршалған жабық аумағына кірген. Сол кезде 5 жасар ұл баланы ток соққан.