Әлем • 20 Маусым, 2022

Вашингтонда болған атыстан бір бала қаза тапты

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ астанасы Вашингтонда болған атыс салдарынан кәмелет жасқа толмаған бір бала қаза тауып, үш ересек адам, оның ішінде полиция қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz ABC News арнасына сілтеме жасап.

Вашингтонда болған атыстан бір бала қаза тапты

Полицияның мәліметінше, атыс қаланың солтүстік-батысындағы 14-ші және U көшелерінің қиылысында, дүкендер, мейрамханалар мен барларға көп ауданда болған.

Бұл жерде Құлдықты жою күніне арналған тегін концерт өтті. Полицейлер қоғамдық тәртіп бұзылғандықтан оны тоқтатуға мәжбүр болды. Біріншісі жаппай төбелеске қатысушыларды таратумен байланысты болса, кейін халық арасында кептеліс салдарынан азаматтар зардап шекті.

Оқиға салдарынан 15 жастағы жасөспірім қаза тауып, үш ересек адам, оның ішінде бір полицей оқтан жарақат алды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда. Атысқа жауапты адам ұсталған жоқ.