Қоғам • 20 Маусым, 2022

«Самұрық-Қазына» Qazaq Air жаңа басшысына конкурс жариялады

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Qazaq Air әуекомпаниясының басқарма төрағасы лауазымына конкурс жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Самұрық-Қазына» Qazaq Air жаңа басшысына конкурс жариялады

«Авиация саласы мен оның даму перспективалары туралы өз көзқарасы бар кәсіби маман қажет», делінген қордың хабарламасында.

Жаңа басшының кандидатурасына қойылатын талаптар:

Авиация саласындағы қазақстандық немесе халықаралық компаниялардағы активтердің ірі портфельдерін басқару, жоғары деңгейдегі дәйекті әрі күрделі позицияларда кемінде 15 жыл жұмыс тәжірибесі болуы шарт;

Жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес, оның ішінде соңғы 3 жыл ірі компанияларда болуы шарт;

Күрделілігі және кіріс көлемі бойынша деңгейлес авиациялық компанияда жоғары басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы шарт.

Бос орын Samruk Qyzmet сайтында орналасқан.

Qazaq Air - 2015 жылы құрылған қазақстандық авиакомпания.