«Білім беру саласына қосымша 14,3 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл қаражат Наурызбай, Түрксіб және Алатау аудандарында 7 500 орындық 5 мектеп салуға, сондай-ақ 19 білім беру объектісіне (15 мектеп, 4 балабақша) жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бағытталады», деді өңір басшысы.
Сондай-ақ ол мұғалімдерге ғылыми дәрежелері, тәлімгерлік пен кешкі уақытта және мектепке дейінгі оқыту жұмыстары үшін қосымша ақы төленіп, педагогтерге қолдау көрсетілетінін айтты.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жылу жүйесі бойынша берешегін өтеу үшін қосымша 2 млрд теңге бөлінетінін атап өтті. Айта кетсек, Ерболат Досаев Алматының көшкін жүру қаупі бар аумақтарында құрылыс жүргізуге тыйым салынатынын мәлім еткен болатын.