Әлем • 21 Маусым, 2022

Нью-Йоркте белгісіз біреу адамдарға оқ атқан

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Нью-Йорктегі Гарлем ауданында белгісіз біреу атыс шығарды. Оқиға салдарынан 1 адам қаза тапты, 8-і жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz NBC News-ке сілтеме жасап.

 

Нью-Йоркте белгісіз біреу адамдарға оқ атқан

Полиция жарақаттанған бес адамды ауруханаға жеткізді. Тағы төрт зардап шегуші медициналық мекемеге жеке көлігімен барған. Жарақаттанғандардың бірі 21 жастағы баскетболшы алған жарақатынан ауруханада көз жұмды. Кейінірек оның кім екені анықталды, ол оқиға орнынан бір квартал жерде тұрған.

Жаппай атыстың себебі мен күдіктілер туралы ақпарат әзірге жоқ. Полиция оқиға орнынан атыс қаруын тапты.