Аймақтар • 22 Маусым, 2022

Ақтөбе облысындағы егістіктерде шегіртке көбейді

626 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрлігі зиянды жәндіктердің ұшуын болдырмау үшін Қытай, Ресей және Өзбекстанның шекаралас өңірлерінің мамандарымен бірлескен іс-шара өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысындағы егістіктерде шегіртке көбейді

Ауыл шаруашылығы министрлігі ақтөбелік аграршыларға итальяндық шегірткенің басып кіру мүмкіндігі барын жеткізді. Әсіресе, Әйтеке би ауданындағы егістіктер зардап шегуі мүмкін. Аумаққа жәндіктер төндіретін қауіп пен шығындарды азайту үшін мамандар жіберілді.

«Ең үлкен қауіп – Ақтөбе облысында. Біздің барлық назарымыз осы аймақта. Онда штаб жиналысын өткіздік, техниканың дайындығын тексердік. Республика бойынша біз итальяндық шегірткеден 760 мың гектар алқапты өңдейміз. Ал бір ғана Әйтеке би ауданында 211 мың гектар жерде үлкен жұмыс күтіп тұр», деді Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс.

Шегірткелердің таралу аймағы екі есе азайғанына қарамастан, қауіп бүкіл ел бойынша сақталады.

Қазір аса қауіпті зиянкестер тізімінде жәндіктің 12 түрі бар. Олардың арасында Колорадо қоңызы, қырыққабат көбелегі және шалғынды көбелек бар.

Зиянкестерді жоюға 2 млрд теңге бағытталады. Ведомство зиянды жәндіктердің ұшуын болдырмау үшін Қытай, Ресей және Өзбекстанның шекаралас аймақтарының мамандарымен бірлескен іс-шара өткізгендерін мәлімдеді.