25 Сәуір, 2014

Қауіпсіздік Кеңесі хатшыларының кезекті кездесуі

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаров ҰҚШҰ-ға мүше елдер Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің (ҚКХК) кезекті мәжілісіне қатысты. Ресей тарапының ұсынысы бой­ынша мәжіліс Чешенстан Рес­пуб­ликасының астанасы – Гроз­ный қаласында өтті. ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Николай Бордюжа ҚКХК мәжі­лісіне қатысушыларды ҰҚШҰ-ның жауапкершілігі аймағындағы және соған жақын жатқан аумақ­тар­дағы жағдай туралы хабардар етті. Сондай-ақ, ҰҚШҰ-ның Ұжым­дық қауіпсіздік кеңесі тара­пынан 2013 жылдың 23 қыр­күйегінде Сочи қаласында берілген тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берді. ҚКХК жұмысының барысында делегация басшылары ҰҚШҰ-ның жарғылық құжаттарында қа­растырылған бірлескен іс-қи­мыл қызметіне қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Атап айт­қанда, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ұжымдық қарсы тұру саласындағы Іс-қимыл жоспарының жобалары мен Ұйым аясында жедел іс-қимыл таныту және әскери-экономикалық ынтымақтастықты Ұжымдық күштер шеңберінде одан әрі дамыту мәселелері қаралды. ҚКХК мәжілісінің қоры­тын­дысы бойынша қауіпсіздік кеңе­сінің хатшылары ҰҚШҰ-ға мүше елдер ынтымақтастығын одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар бірлескен құжаттарға қол қойды. ҚКХК мәжілісіне қаты­су­шы­ларды Чешенстан Респуб­ли­ка­сының басшысы Рамзан Қадыров қабылдады. Грозныйда болуы барысында Қ.Қожамжаровтың Ресей қауіп­сіздік кеңесінің хатшысы Н.Пат­ру­шевпен екі жақты кездесуі өтті. «Егемен-ақпарат».