Аймақтар • 22 Маусым, 2022

Оралда студенттер ара бағады

240 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғалымдары екі жылдан бері бал арасы шаруашылығын дамыту жөнінде жаңа жобаны қолға алған болатын, деп жазады Egemen.kz.

Оралда студенттер ара бағады

«Батыс Қазақстанда бал арасы шаруашылығын дамыту жобасы екі жылда айтарлықтай нәтиже көрсетті», дейді мамандар.

Жәңгір хан университеті ректоры, ғылым докторы, академик Асқар Нәметовтың бастамасымен қолға алынған жобаға университет құрамындағы «Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институтының аға оқытушылары Гүлдана Идрисова мен Берік Сатыбаев жетекші болып бекітілген еді. 2020 жылы жеке қаражатқа бал арасының 10 ұясын сатып алған университет басшылығы ол омарталарды «Золотой улей» шаруа қожалығының алқабына арнайы келісімшарт бойынша орналастырған. Сөйтіп, қожалық иесі Сергей Кривобоковпен бірге ара шаруашылығымен айналысатын мекеме-ұйымдармен әріптестік байланыс орнатылып, қызмет аясын одан әрі кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

– Биыл үшінші жыл қатарынан біздің омартамызда «Экология», «Ветеринарлық медицина» және «Ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша білім алатын студенттер тәжірибелік машықтан өтуде. Мұнда олар ара шаруашылығына кіріспе, бал өнімдерін алудың кезеңдерін игеріп, араның ауруларымен және оның зиянкестерімен күресу жолдарын меңгереді, – деді Берік Ғариполлаұлы.

Гүлдана Зейноллақызының айтуынша, бал аралары шаруашылығында әзірге тек қана бал алынып жатыр екен.

– Әр маусымда бір ара ұясынан 15 келіге дейін бал алынады. Әрине, өнім көлемі ауа райына байланысты өзгеруі мүмкін, – дейді ғалым.

Шаруашылық басында бал араларының тылсым құпиясына қанығып жүрген студенттер осы жобаға қызығушылық танытып, жаңа жобалар жасақтап, гранттық қаржыландыру байқауларына ұсына бастаған. Сонымен қатар жоба жетекшілері Берік Сатыбаев пен Гүлдана Идрисова Ресейде біліктілік курстарынан өтіп, түрлі гранттық байқауларға қатысып жүр.

акк

Бүгінде БҚАТУ ғалымдары жергілікті әкімдікке бал арасы шаруашылығын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын дайындауға көмектескен. Қазақстан омарташыларының «Бал-ара» атты ұлттық одағымен де ынтымақтастық меморандумы жасалған. Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу институттарымен де келісімшарттар түзілген. Мұндай әріптестік байланыс ара шаруашылығы базасын кеңейтуге, дамытуға септігін тигізері анық. Сонымен қатар университеттегі «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» жоғары мектебімен бірлесе бал арасы өнімдерін дайындау жобалары әзірленген.

Соңғы жаңалық – бал арасының тұқымын жақсарту үшін жақында Ресейден аналық ара сатып алыныпты. Ол күніне 500-ден 2 мыңға дейін жұмыртқа салады. 18 күннен кейін ол жұмыртқалардан ара шыға бастайды.

Соңғы жаңалықтар

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Кеше

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Кеше

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Кеше