Әлем • 22 Маусым, 2022

Оңтүстік Кореяда маймыл шешегі анықталды

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Корея дәрігерлері маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы жағдайын растады. Вирус 21 маусымда Германиядан елге оралған корейлерден табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оңтүстік Кореяда маймыл шешегі анықталды

Жолаушы Инчхон халықаралық әуежайына келіп, мамандарға жүгінді. Науқас бас ауруына, терінің зақымдануы мен басқа да белгілерге шағымданған. Бұл туралы Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу агенттігі хабарлады.

Маймыл шешегін анықтауға арналған сынақ оң нәтиже көрсетті. Науқас медициналық орталыққа жеткізіліп, карантинге алынды. Мамандар эпидемиологиялық тексеруді бастады.