Amanat партиясының жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясы пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруды қолға алғалы біраз уақыт болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қаңтар айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында бос жатқан жайылымдық жерлерді қайтарудың маңыздылығын атап өткен еді.
Кезекті басқосуда партия хатшысы, «Жер аманаты» комиссиясының төрағасы Дәулет Кәрібек партия өкілдері Мемлекет басшысы тапсырған мәселені шешу жолында талмай тер төгетінін айтты. Оның айтуынша, соңғы бірнеше ай ішінде комиссияның күшімен Қарағанды, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы 140 мың гектардан астам жайылымдық жер мемлекеттік меншікке қайтарылған.
«Жер – елге аманат, ел – ерге аманат» деген бар. Осы себепті жер мәселесін шешетін уақыт келді. «Жер аманаты» комиссиясының міндеті – пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлерді, заңсыз жекеменшікке өткен жерлерді мемлекеттік меншікке қайтаруға көмектесу. Жасыратыны жоқ, олигополия тек орталық деңгейде ғана емес, аудандық, өңірлік деңгейде де бар, біз олармен тоқтаусыз күресеміз», деді Д.Кәрібек.
Өз кезегінде Мәжіліс депутаты, комиссия мүшесі Ерлан Саиров аманаттықтар жағдаймен жеке танысу үшін еліміздің түкпір-түкпірін аралағанын жеткізді.
«Біз ең шалғайдағы ферма, қыстақ, жайлауларда болдық. Қайда барсақ та, еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейін айтатыны – жер мәселесі. Сондықтан қазіргі таңда партия жер мәселесімен нақты әрі жан-жақты айналысуға бел буып отыр. Міне, осы тұрғыда Amanat халықтың мұң-мүддесін қозғап жүрген халықтық партия болғандықтан, «Жер аманаты» деген комиссия құрылды. Оған елімізге белгілі, өзінің позициясы бар, жер мәселесін көтеріп жүрген азаматтардың барлығы кіріп отыр», деді депутат.
Ал Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жер мәселесі қоғам үшін қай кезде де өзекті екенін айта келіп, аудандарда адамдарға мал жаюға, агробизнеспен айналысуға мүмкіндік бермейтін олигополия бар екенін алға тартты. «Жергілікті олигархтар жердің бәрін меншіктеп алған. Бүгінгі таңда қоғам бос әңгіме емес, нақты нәтиже күтеді. Бұл істе Ауыл шаруашылығы министрлігінің неғұрлым белсенді болып, заңды шаралар қабылдамаған жағдайда құқық қорғау органдары әкімдерге қатысты іс қозғау үшін жергілікті атқарушы органдарға ұйғарымдар бергені жөн», деді А.Сарым.
Қоғам қайраткері, «Серпін» Ұлттық білім және инновациялар палатасының президенті Мұрат Әбенов ауылда жер талан-таражға түсіп кеткендіктен, ауыл азаматтары қалаға қоныс аударуға және қалаға келген соң үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүруге мәжбүр болып отырғанын айтты.
Жерді тиімсіз пайдалануға қатысты заңгер Бақытжан Базарбек нақты мысалдар келтірді. «Маңғыстау облысындағы шаруашылықтардың бірінің жер көлемі 2015 жылы 3,5 млн гектар болды, бұл Молдова, Бельгия, Арменияның территориясынан асады. Қазіргі уақытта бұл шаруашылықта 1 млн гектардан астам жер бар, ал малы жоқ. Уәкілетті органға жер учаскесін алып қоюға не кедергі келтіріп отыр? Біз осы сияқты жағдайдың бәрін тексереміз», деді ол.
Тележурналист Мақсат Толықбай «Жер аманаты» комиссиясы жұмысының ерекшелігіне тоқталып, оған ел өміріне бейжай қарамайтын азаматтарды атсалысуға шақырды.
«Жасыратыны жоқ, бұл істің барлығын атқару министрліктерге қиынға соғады. Сондықтан қазір саяси партияның көмегі керек болып отыр. Партияның ресурсы үлкен. Комиссия жұмысын ашық ету үшін барлық тетіктерді іске қосу қажет», деді ол.
Айта кетейік, «Жер аманаты» комиссиясының құрамында Жанарбек Әшімжан, Қайнар Абасов, Артур Платонов сынды Парламент Мәжілісінің депутаттары, Бас прокуратура, Ауыл шаруашылық министрлігінің өкілдері, Марат Бәшімов, Кирилл Павлов, Ғалым Байтоқ, Марат Шибұтов, Мақсат Толықбай сынды қоғам қайраткерлері мен блогерлер бар. Бұдан бұрын партияның араласуымен Қарағанды облысына қарасты Нұра ауданының тұрғындары 80 мың гектардан астам жайылымдық жерге қол жеткізген болатын.
Бұл жерлер ауыл тұрғындарына жеке қосалқы шаруашылықтарға арналған жайылымдар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, ауыл әкімдері және жергілікті қоғамдастық арасындағы меморандум шеңберінде берілді.
Ал мәселені жүйелі шешу үшін партия қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуге қол жеткізуге ниетті. Атап айтқанда, жайылымдардың тозуына және шөлейттенуіне қарсы күрес жөніндегі бюджеттік бағдарламаны облыстық деңгейден ауылдық округтер әкімдерінің деңгейіне беру, мал басын ескере отырып, жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеме нормаларын жаңарту, елді мекен шекарасынан 5 км радиуста ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жайылым беруге тыйым салу қажет.
Цементсіз үй салған мердігерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 12:00
Ауа райы • Бүгін, 11:55
Елорда әкімдігінің iKOMEK109 орталығына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:49
«Ақжайық» резерватында құстардың өлексесі табылды
Қоғам • Бүгін, 11:40
ШҚО тұрғынынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:32
Елімізде коронавирус жұқтырған 528 адам ем қабылдап жатыр
Коронавирус • Бүгін, 11:27
Өңірлерге үздік педагогтарды тарту бағдарламасына құжат қабылданып жатыр
Білім • Бүгін, 11:15
«Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржолы салынады
Әлем • Бүгін, 11:07
Астаналық полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі
Елорда • Бүгін, 10:53
Қазақстанда бір тәулікте 110 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:48
Үндістанда төрт қабатты үй құлап, 19 адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 10:40
Павлодарда жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 10:33
ТҮРІКСОЙ мен Отандастар қоры ынтымастық жөніндегі меморандумға қол қойды
Қоғам • Бүгін, 10:26
Петропавлда жалған хабарлама таратқан адам сотталды
Қоғам • Бүгін, 10:20
Шымкентте трансформатор өртенді
Оқиға • Бүгін, 10:17
Жыл басынан бері 51,4 мың адамға әлеуметтік төлем төленді
Қоғам • Бүгін, 10:08
Елордада заңсыз орнатылған ойын терминалдары анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:02
Головкин «Канеломен» жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 09:50
«GPC Investment» компаниясы мемлекет меншігіне өтеді
Қоғам • Бүгін, 09:42
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына жолдама алды
Теннис • Бүгін, 09:35
Ашхабадта Каспий маңы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:06
Рухани мұралар дін өкілдеріне таныстырылды
Руханият • Бүгін, 08:34
Әдебиет • Бүгін, 08:33
Қоғам • Бүгін, 08:31
Қаржыны елге қайтару қалай жүргізіледі?
Қазақстан • Бүгін, 08:30
Білім • Бүгін, 08:28
Аймақтар • Бүгін, 08:27
Қоғам • Бүгін, 08:26
Шариғат талаптарына сәйкес алғашқы биржалық нота
Экономика • Бүгін, 08:25
Экономика • Бүгін, 08:24
Гендерлік бюджет құру – өзекті міндет
Экономика • Бүгін, 08:23
Қоғам • Бүгін, 08:21
Аймақтар • Бүгін, 08:19
Аймақтар • Бүгін, 08:17
Шекара шебіндегі өңірдің халқымен жүздесті
Қоғам • Бүгін, 08:16
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Қайрат Сәтжанов: Ел намысын мықтылар ғана қорғайды
Спорт • Бүгін, 08:13
Еркін күрестің ерлері анықталды
Спорт • Бүгін, 08:10
«Алтын Томирис» сыйлығы тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 08:07
Ұқсас жаңалықтар