Қоғам • 23 Маусым, 2022

«Жасыл елге» – 138 млн теңге

519 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жастарды еңбекке баулудың бір жолы – «Жасыл ел» еңбек жасағына тарту. Биыл Атырау облысында атал­ған жобаға 1 756 жас тартылатыны жоспарланып отыр.

«Жасыл елге» – 138 млн теңге

Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Алтынбек Ахметовтің айтуынша, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы жобасын іске асыру үшін «Жеті жарғы» қоғам­дық қорымен келісімшарт жасал­ған. Жобаға тартылған жастар көгал­дандыру, абаттандыру, құрылыс бағы­тымен уақытша маусымдық жұмысты атқарады.

– «Жасыл ел» жобасына жергі­лікті бюджеттен 138 млн 700 мың теңге бөлінді. Жұмыс істеген жас­тарға 65 мың теңге жалақы төленеді. Арнаулы логотипі бар киім жабды­ғы­мен қамтылады. Бұл жобаға өңір­дегі жоғары оқу орындарының, тех­ни­калық, кәсіптік білім беру колледж­дерінің студенттерін, жұмыс­сыз, NEET санатындағы, қала маңы мен аудан­дардағы елді мекендерде тұратын жастарды қатыстыру көзделіп отыр. Еңбек жасағының жұмыс мер­зімі 1 маусымнан 31 тамызға дейін жалғасады, – дейді Алтынбек Ахметов.

Құрылыс жұмыстарына 300 жас, ал 1 400-ден астамы көгалдандыру мен тазалық жұмыстарына бөлінеді. Әр жас бір ай жұмыс істейді. Мәселен, 18 жасқа дейінгі жастарға – 36, 18 жастан асқандарға 40 сағат жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Жоба аясында 1 мың жеміс көшетін егу, Жайық өзенінің жағалауын қоқыстардан таза­лау, балаларға арналған ойын алаң­дарын қалпына келтіру, акциялар мен сенбіліктер ұйымдастыру жоспарланып отыр.

 

Атырау облысы