Қоғам • 23 Маусым, 2022

Аңсаған үшем

276 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жеті жыл бойы бір перзентке жете алмай зар болып келген ерлі-зайыпты Игорь мен Алена Лукиндердің отбасында үшем дүниеге келді. Маусымның 14-інен бері дәрігерлердің бақылауында болған ана мен үшем қалалық перзентханадан бір жетіден кейін ғана шықты.

Аңсаған үшем

Бақытты отбасын алғаш­қы­лардың бірі болып Қос­та­най қаласының әкімі Марат Жүнді­баев құттықтады.

– Сіздерді көптен күткен нәрес­теле­ріңіздің өмірге ке­­луі­мен құттықтай­мын. Бұл – өте үлкен қуаныш әрі ға­­жайып оқиға. Мұндай жағ­дай соңғы жиыр­ма жыл ішін­де бе­­сінші рет, он жылда үш мәр­­те қайталанып отыр. Сәби­леріңіздің дені сау болсын! Өңір тұрғындары 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» бағ­дарламасының нәти­жесін көріп отыр. Аталған бағдар­лама аясында экстракорпоралды ұрық­тан­дыруға берілетін квота мөлшері 7 есе артты. Бұл – жас отбасыларға көрсетіліп жат­қан орасан зор қолдау. 2021 жылы Қос­­танай облысында ЭКҰ көме­гі­мен 72 бала дүниеге келді, – деді әкім.

Қала әкімі үшемнің ата-анасына 1,5 млн теңгенің сертификатын тарту етті.

– Біз жеті жыл перзент күттік. Содан кейін экстра­кор­по­­ралды ұрықтандыру арқылы бағымызды сынап көруге тура келді. Бақытымызға орай, ал­ғашқы мүм­кіндіктен-ақ әйелім құрсақ көтерді. Әуел баста егіз болар деп жүрген едік, УЗИ-ға келгенімізде дәрігерлер ма­ған «Сіз енді көпбалалы әке­сіз» деді. Сөйтіп, үшем екенін білдік. Олардың аман-есен дүние­ге келуі зор қуаныш. Енді менің ұлым да, қыздарым да бар. Шек­сіз бақыттымын! – дейді Игорь.

Үшемдердің біреуі – ұл, екеуі – қыз бала екен. Ми­ла­на, Ари­на және Артем деп ат қо­йып­ты. Үш бірдей сәбиі дүниеге кел­ген күн­нің ер­те­сінде Игорь ипотекаға кең пә­тер де сатып алыпты. Қазір жөн­­деу жұ­мыс­та­ры жүріп жатыр екен. Жарты айдан соң қоныс тойын жасамақ.

 

Қостанай облысы