
«Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекеттік қызметші күнін белгілеу туралы шешім қабылдады. Сіздерге Жаңа Қазақстан құру ісінде ерекше міндет жүктеледі. Қызметтегі негізгі қағидаттарыңыз – адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Ел үмітін толық ақтайсыздар деп сенемін», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.