БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 22 маусым күні Шалқар көлінде болған. Үрленетін матраста отырған 8 жастағы баланы жел көлдің ортасына алып кеткен. Оны құтқарамын деп 1957 жылғы атасы ұмтылған.
Атасы мен немересін іздеуге Шалқар көліндегі құтқару бекетінен 5 адам бір қайықпен шыққан, бірақ бұл нәтиже бермеген.
«Содан кейін іздестіру жұмыстарына «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ ұшағы қосылды. Сағат 23.00-де ер адамды құтқарушылар мен туыстары тапты, жағдайы қанағаттанарлық. Баланы іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр», делінген хабарламада.