Аймақтар • 23 Маусым, 2022

Жезқазған әкімі отставкаға кетті

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жезқазған әкімі Қайрат Әбсаттаров қызметінен кетті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің парақшасында жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жезқазған әкімі отставкаға кетті

Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, мұндай шешім басқа жұмысқа ауысуға байланысты қабылданған.

Сондай-ақ Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен оның әріптестері де әкімге алғыстарын білдірді.

«Өңіріміздің гүлденуін тілеймін», деп атап өтті Әбсаттаров Facebook парақшасында.

Қайрат Әбсаттаров 2020 жылдың тамыз айынан бастап қала басшысы қызметін атқарған.